Ақтауда итбалықты ұрғандарға қатысты сотқа дейінгі тергеу тоқтатылды

Автор: Azattyq Rýhy

Қылмыс құрамының болмауына орай сотқа дейін жүргізілген іс жабылды

Фото: видеокадр

Маңғыстаулық полицейлер итбалықты ұрғандарға қатысты сотқа дейінгі тергеуді тоқтатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Маңғыстау облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Итбалықты таяқпен ұрғандарға қатысты қозғалған тергеу ҚР қылмыстық-процессуалдық Кодекстің 35-бабының 1-бөліміне сәйкес тоқтатылды. Теңіз жануарына жәбір көрсеткендер келтірген дәйек есепке алынып, қылмыс құрамының болмауына орай сотқа дейін жүргізілген іс жабылды», - деп жазылған хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, өткен шілде айында Құрық елді мекенінде жағалауға жақын жүзген итбалыққа бірнеше адам тас лақтырып, таяқпен сабап тастаған еді.