13 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр
Қазақстанда қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 2 927 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 77 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 103 науқас жатыр. 824 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
«Жалпы науқастардың арасында 85 адамның халі нашар. Соның ішінде 12 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 13 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.
Өткен тәулікте COVID-19 белгілері бар пневмонияның 4 жағдайы тіркелді. Бір тәулік ішінде 10 адам жазылып шыққан. 2 адам аталған індеттен қайтыс болды.
Осы жылдың 1 тамызынан бастап 34 913 адам пневмониямен ауырған. Оның 27 709-ы емделіп шықса, 370 адам көз жұмды.