Алматыда ПТР сынамасы жоқ 154 жолаушы оқшауланды

Автор: Azattyq Rýhy

Алматыға бір күнде 12 рейспен 1173 жолаушы келген

Фото: ашық дереккөзден

Халықаралық рейстердің ПТР-сынамадан өтпеген 154 жолаушысы Алматы қонақүйлерінде оқшауланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«10 қазанда сағат 8:00-ден 11 қазанда 8:00-ге дейін Алматыға шетелден 12 рейс келді. Бортта Ресей, Түркия, БАӘ, Ұлыбритания, Мысыр, Украина және Германиядан ұшып келген 1173 жолаушы болған. 154 жолаушыдан ПТР-сынамасы туралы анықтама болмады, олар COVID-19-ға зертханалық тексеріс үшін карантиндік стационарларда (қонақ үйлерде) оқшауланды», - делінген әкімдіктің хабарламасында.

6-12 қазан аралығында Алматыға барлығы 66 әуе рейсі арқылы 8207 жолаушы келген.