Маңғыстау облысында карантин күшейтіледі

Автор: Azattyq Rýhy

Облыстың бас санитар дәрігерінің 28 тамыз күні шыққан қаулысына өзгерістер енгізілді

Фото: ашық дереккөзден

Маңғыстау облысында карантин күшейтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстың «Қоғамдық коммуникация орталығына» сілтемме жасап.

13 қазан 00:00 сағаттан бастап Маңғыстау облысында карантин талаптары күшейтіледі. Облыстың бас санитар дәрігерінің 28 тамыз күні шыққан қаулысына өзгерістер енгізілді. 

Жаңа талаптар бойынша тамақтану орындары, дәмханалар мен ірі супермаркеттер жұмысы 21:00-ге дейін қысқарады.

«Яғни, қоғамдық көліктер сенбі, жексенбі күндері жұмысын тоқтатады. Фитнес орталықтары мен жаттығу залдарының жұмысы тоқтатылады. Азық-түліктен басқа барлық базардың жұмыс уақыты 16.00-ге дейін қысқарады. Той мен ұжымдық шараларға рейд күшейтіледі», - делінген хабарламада.