ДДСҰ коронавирусты қайта жұқтыру қаншалықты қауіпті екенін анықтамақ
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты қайтадан жұқтыру деректеріне байланысты арнайы топ құрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиға сілтеме жасап.
«Біз көптеген елдегі коронавирусты қайтадан жұқтыру деректері туралы хабардармыз. Қайтадан жұқтыру бойынша арнайы тобымыз бар. Себебі оған қатысты сұрақ көп. Қазіргі сәтте біраз елден хабар түсіп жатыр, бірақ халықтың қанша пайызы коронавирусты қайтадан жұқтырғанын нақты айта алмаймыз», - деді ДДСҰ жедел аурулар бөлімінің техникалық тобының жетекшісі Мария Ван Керхова.
Оның айтуынша, ең негізгі мәселе - бірінші және екінші рет жұқтырғаннан кейін қандай иммундық жауап қалыптасатынын және коронавирусты қайтадан жұқтыру қаншалықты қауіпті екенін анықтау.