Жақында тағы 349 аппарат жіберіледі
Республика қалаларына 498 өкпені жасанды желдету аппараты жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласына 126 дана, Алматыға 64 дана, Шымкентке 156 аппарат жеткізіліп, қажеттіліктері толық өтелді. Сондай-ақ, Ақмола облысы 3, Алматы облысы 32, Ақтөбе облысына 25, Қызылорда облысына 53 және Павлодар облысына 39 ӨЖЖ аппаратын алды. Тағы да осындай 276 аппарат Алматы, Ақтөбе, Павлодар, Түркістан және Қарағанды облыстарына беріледі», - делінген хабарламада.
377 ӨЖЖ аппараты стендті сынақтардан өтіп жатса, 349-ы жіберуге дайын. 15 қазанға дейін еліміздің барлық өңіріне 1,5 мыңдай ӨЖЖ аппаратын жеткізу жоспарланып отыр.