Ал маска тақпаған ақтөбеліктер 11 миллион теңге айыппұл төлейді
Ақтөбеде мобильді топтар, жергілікті полиция қызметкерлері карантиннің сақталуын бақылап жатыр. «Әкімшілік құқық бұзу туралы» кодекстің 425-бабының 1-тармағына сәйкес 81 миллион теңге көлемінде 647 айыппұл салынған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне сілтеме жасап.
«Әртүрлі мерекелік шараларды, той, отбасылық шараларды өткізуге тыйым салынғанына қарамастан талапқа бағынбайтындар бар. Бетперде тағу тәртібін бұзғаны үшін 11 миллион теңгеге жуық 156 айыппұл салынды.», - департамент басшысының орынбасары Гүлбану Даулетова.
Ал отбасылық шараларды өткізген 24 кәсіпкерлік нысанына 7 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.