Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ
Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға қарсы берілген шағымды қарастырды. Шағымды «Ақтөбе БелАсу» ЖШС түсірген.
Арызданушылар ведомство басшысы А. Цойды «Nephrolife Aktobe» ЖШС-ның медициналық қызметпен айналысу лицензиясын қайтарып алу шағымын қарастыру бойынша шара қабылдамады деп кінәлаған.
Сот заңды тұлғаның өтінімін қарастыру тәртібінің қадағалауын тексерді және Денсаулық сақтау министрі тарапынан өтініш қаралды деген шешім шығарды.
«Министрге бағытталған шағым «Міндеттерді бөлу туралы» №431 ішкі бұйрық бойынша жетекшілік ететін Людмила Бюрабековаға берілген. Министрлік 2020 жылғы 28 маусымда жауап қайтарған. ЖШС лицензиясын тоқтату министрдің уәкілеттігіне жатпайды», - делінген хабарламада.
Елорда сотының хабарлауынша, министр тарапынан «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы заңының 15-бабы бұзылмаған.
Сот ЖШС лицензиясын қайтару туралы мәсеселені шешу Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының құзыретіне жатады деп шешті.