1 тамыздан бері барлығы 34 мыңға жуық адам коронавирустық пневмониямен ауырды
Өткен тәулікте елімізде 262 адамның коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ал 46 адам аталған індеттен емделіп шықты.
1 тамыздан бері барлығы 33 877 пневмония жұқтырса, 361 адам көз жұмды. Жазылып шыққандардың саны - 27 563.