Қазақстанның бес облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Жамбыл облысында үсік жүреді

Қазақстанның бес облысы аумағында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, таңертең және күндіз 5 қазанда Қызылорда облысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең 5 қазанда Қостанай облысының кей жерінде тұман түседі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан, жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
5-7 қазанда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түсуі ықтимал. 5 қазанда тәулік бойы, 6-7қазанда кей жерлерде солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 5-7 қазанда түнде және таңертең кей жерлерде 3 градус үсік сақталады. 7 қазанда Тараз қаласында түнде және таңертең 1-3 градус үсік болады.
4 қазанда күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.
5-6 қазанда Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр жауады, кей жерлерде жаңбыр соңы қарға ұласады. Кей жерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерде 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.