Елімізде тағы 82 адам COVID-19 вирусынан емделіп шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстан бойынша қауіпті вирустан жазылғандар саны 103 110 адамға жетті

Фото: aif.ru

Қазақстанда өткен тәулікте 82 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Аймақтар бойынша атап айтқанда:

Нұр-Сұлтан қаласы - 2
Шымкент қаласы - 27
Ақтөбе облысы - 7
Атырау облысы - 2
Батыс Қазақстан облысы - 1
Қарағанды облысы - 8
Қостанай облысы - 1
Қызылорда облысы - 1
Маңғыстау облысы - 30
Павлодар облысы – 3.

Елімізде барлығы 103 110 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.