Атырауда жеті миллиард теңгеге алынған 170 автобус әлі жүрмей тұр

Автор: Azattyq Rýhy

Автобустар тек метан газымен жүреді. Ал аймақта мұндай газ құю бекеттері жоқ

Фото: ашық дереккөзден

Атырауда жазда алынған 170 жаңа автобус әлі жолға шыққан жоқ, сбебі қоғамдық көліктер тек метан газымен жүреді. Ал аймақта мұндай газ құю бекеттері жоқ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Автопарк құрылтайшыларының бірі мұндай бекеттердің құрылысы туралы алдын ала белгілі болғанын айтады. Дегенмен, іс жүзінде автобустар алынды, ал станция салынған жоқ.  

Бір автобус орта есеппен 40 миллион теңге тұрады. Қоғамдық көліктерді әкелу үшін құрылтайшы 7 жылға 7 миллиард теңге несие алған.