Олар 5 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді
Оралда Экономикалық қылмысқа қарсы күрес департаментінің аға тергеушісі мен жедел уәкілі жемқорлықпен қолға түсті. Олар «істі тоқтатамыз» деген желеумен бір азаматтан 5 млн теңге көлемінде пара алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Қылмыстық іс қозғалып, соталды тергеу амалдары басталды.
«Қазір олар Орал қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктілердің кінәсінің ауырлығына байланысты нақты шешімді сот тағайындайды. Басқа ақпарат тергеу амалдарына байланысты әзірге айтылмайды», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-департаментірің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Данияр Бгайдаров.