KAZPATENT екі өтінішті де сараптамадан өткізіп жатыр
Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты ғалымдары KAZPATENT-ке COVID-19 вирусының алдын алуға арналған вакцинаны және коронавирус инфекциясы штаммын әзірлеу жөніндегі екі патенттік өтініш берген. Әділет министрлігінің хабарлауынша, екі өтінім де KAZPATENT-тің формалды сараптама кезеңінен өтті.
Патент өнертабыстың патентке қабілеттілігін, атап айтқанда, «жаңалық», «өнертабыстық деңгейге жеткендігі», «өнеркәсіпте қолдануға жарамдылығы» шарттарына сәйкес келуін тексеретін сараптаманың нәтижелері бойынша беріледі.
«Қазіргі кезде өтінімдер мәні бойынша сараптама кезеңінен өтуде. Сараптаманың нәтижесі оң болған жағдайда өнертабыс патенттеледі» - деп хабарлады KAZPATENT директоры Ермек Қуантыров.