Биыл елімізде 3 млн-ға жуық адам ЖРВИ-мен ауырған

Автор: Azattyq Rýhy

Өткен жылмен салыстырғанда ЖРВИ-мен тіркелгендер саны 35,9% -ға өскен 

Фото: ашық дереккөзден

Биыл елімізде ЖРВ-мен және тұмаумен сырқаттану деңгейі 35,9%-ға өсті. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты. 

Өткен жылмен салыстырғанда, 2020 жылдың қаңтарынан тамызына дейінгі кезеңде ЖРВИ-мен тіркелгендер саны 35,9% өсіп, 2 953 511 жағдайды құрады. Биылғы тамызда тіркелгендер саны 30%-ға азайды. Қыркүйек айының 4 аптасында ЖРВИ-мен тіркелгендер саны – 263 775 адам. Ал 2019 жылдың қыркүйегінде 378 267 жағдай анықталды.

«Жоғарғы тыныс жолдарының вирустық ауруларының көбеюі жыл сайын күз-қыс кезеңінде байқалады. Коронавирус инфекциясының таралуы кезінде эпидемиялық жағдай ушығуы мүмкін. Осыған орай Министрлік аймақтармен дайындық жұмыстарын жүргізуде», - деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі.