Қазақстанда өткен тәулікте 71 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Еліміз бойынша ауырғандар саны 107 979-ға жетті

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда өткен тәулікте ПТР арқылы 71 адамның коронавирус жұқтырғаны расталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 10
Алматы қаласы - 4
Ақтөбе облысы - 3
Алматы облысы - 3
Атырау облысы - 7
Шығыс Қазақстан облысы - 16
Батыс Қазақстан облысы - 3
Қарағанды облысы - 6
Қостанай облысы - 2
Павлодар облысы - 7
Солтүстік Қазақстан облысы - 6
Түркістан облысы - 4.

Жалпы, ел бойынша ауырғандар саны – 107 979 адам.