Қарағанды облысында 8 айда 159 адам өндірістік жарақат алған

Автор: Azattyq Rýhy

Оның 22-сі қаза тапқан

Фото: 24.kz

Қарағанды облысында 8 айда 159 адам өндірістік жарақат алған. Оның 22-сі қаза болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Ал былтыр осы мерзім ішінде 122 адам жұмыс орындарында жарақаттанған. Енді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәсіпорындарда өндірістік одақ құрып, оның құрамына тәуелсіз бақылаушыларды тартуды ұсынып отыр.

«Халықтық бақылау деген жобаны біз «Қазхром» деген кәсіпорында көрдік. Соны тәжірибе ретінде басқа да орындарға таратпақшымыз. Бұл біріншіден, кәсіпорында жарақатты болдырмай, екіншіден, жарақат алып, мүгедек болып қалса да, жұмысқа орналастыру мәселесін шешеді», - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі комитетінің төрағасы Ербол Нұрғалиев.