$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.09.2020, 15:38
Жаңалықтар

СҚО-да жалақы төлемеген астық компаниясынан 200 млн теңгеден астам қарыз өндірілді

Сот орындаушылар 450 қызметкердің қарызын қайтаруға көмектескен

СҚО-да жалақы төлемеген астық компаниясынан 200 млн теңгеден астам қарыз өндірілді
Фото: ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысының сот орындаушылары 15-29 қыркүйек аралығында өткізілген акция аясында ұзақ уақыт бойы өздеріне тиесілі жалақысын ала алмай жүрген 450 қызметкердің 210 703 689 теңге көлеміндегі қарызын өндіріп берді, деп хабарлайды ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

«Қарыз СҚО-ның астық өндіру және сату нарығында жұмыс істейтін «Қазэкспортастық» компаниялар тобының егіс және егін жинау қызметі кезеңінде қалыптасқан. Осылайша, жұмыс берушілер өз қызметкерлеріне заңды тұлғалардың шоттарына түскен, есептен шығарылған және өндіріп алушыларға аударылған қаражатты толығымен төледі», - делінген хабарламада.

Облыстың сот орындаушылары жыл басынан бері осы ретте 2 мың атқарушылық іс жүргізіп, 700 млн теңгеден астам қаржы өндіріп алды.

Серіктес жаңалықтары