Павлодар облысында балалар үйінде өскен тұрғындар билікке шағымын жеткізді

Автор: Azattyq Rýhy

Олардың айтуынша, тұрғын үй кезегі тым баяу жылжып жатыр

Фото: 24.kz

Павлодар облысының ата-ана қамқорлығынан айырылған бір топ азаматы жергілікті билікке шағымдарын жеткізді. Олардың айтуынша, тұрғын үй кезегі тым баяу жылжып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

24 жастағы Анастасия Переварованың пәтер кезегінде тұрғынанына 10 жылдан асыпты. Ол отбасы үлгісіндегі балалар үйін тәрбиеленген. Қазір  жатақхананың 13 шаршы метр ғана болатын бөлмесін жалдап тұруға мәжбүр.

«Жетім балаларға тұрғылықты жері бойынша тіркелуге де мүмкіндік жоқ. Біз 27 жасқа дейін жастар үйінде тіркелеміз. Ал осы жастан асқан соң күніміз қиындайды. 27 жасқа дейін баспаналы болуымыз керек. Бірақ кезек жылжымай жатыр. Ақпаратты жаңартып отырамыз, әзірге нәтиже жоқ», - дейді қала тұрғыны Анастасия Переварова.

Айта кетейік, баспана кезегінде 15 мыңнан астам павлодарлық тұр. Олардың 2500-ге жуығы ана-анасының қамқорлығынан айрылғандар. Биылғы жылы небары 27 бала баспаналы болды.