Қарыз көлемі 4 млрд 300 млн доллардан асады
Қазақстанның Қытайға қарызы 4 млрд 300 млн доллардан асады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі inbusiness.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.
«Сөйтіп кредит алу жағынан ешкімге жол бермей келеміз. Бұл жерде Қытайға қарызымыз туралы да айтпасқа болмайды. Билік басындағылар «Қазақстанның Қытай алдындағы мемлекеттік қарызы жоқ» дейді. Тек кепілдікпен алынған 1 млрд 200 млн доллар, теңге емес доллар, берешегіміз бар екен. Қарыз тағы да арта түсуі мүмкін. Себебі біздің ел кедендік инфрақұрылымды дамытуға тағы да 300 млн доллар алмақ», деп жазылған порталдың сараптамалық мақаласында.
Айта кетейік, алпауыт елге біз ғана қарыз емеспіз. Center for Global Development ұйымының мәліметі бойынша, Азия, Африка және Еуропа елдері Қытайға шамамен 8 трлн доллар қарыз.