Олар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты
ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Елбасының ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, әңгімелесу барысында Санкт-Петербург қаласында өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысын өткізуге дайындық барысын талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин сондай-ақ, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.