Анадолыда Абай жылы аясында айтулы іс-шаралар басталды
Анадолыда Абай жылы аясында айтулы іс-шаралар басталды. Жергілікті қазақ зиялылары Зейтинбұрну ауданында ақынды ұлықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
«Анадолы жұрты Абай тұлғасымен етене таныс. Түркияның түкпір-түкпірінде алып ақынымыздың ардақты есімін еншілеген көшелер бар. Бірнеше қалада ақын бюсті мен саябағы ашылған. Ыстамбұлдағы орта білім ошақтарының бірі Абай Құнанбайұлы атында. Жуырда осы шаһардың даңғылының біріне Хакім Абайдың есімі берілмек», - деп жазылған ақпаратта.
Сонымен қатар жүздесуде диаспора өкілдері үшін ұйымдастырылған қазақ тілі курсының өрісі кеңейтілетіні белгілі болды.