Тағы 11 ауылға байланысты қаулы дайындалып жатыр
Солтүстік Қазақстан облысында 184 мыңнан астам құс қырылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісіaikyn.kz-ке сілтеме жасап.
Құс тұмауымен күресу үшін арнайы іс-шаралар жоспары бекітiліп, жедел штаб жұмыс істейді.
«Бүгінгі күнге дейін өңірде 184 мың 342 құс қырылып қалған. Оның 15 мыңға жуығы үй құсы. Қырылған құстың қалғаны Бескөл құс фабрикасына тиесілі. Құстардың қырылу фактісі 40 елдімекенде тіркелді. 18 ауыл карантинге жабылды. Тағы 11-іне қатысты қаулы дайындалып жатыр», - делінген ақпаратта.