COVID-19: Алматыда 500 орындық жаңа аурухана дайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы қала әкімі Іnstagram-дағы парақшасында жазды

Фото: ашық дереккөзден

Алматыда 500 орындық жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы дайындалды. Бұл туралы қала басшысы Іnstagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Бұрын жоспарланғандай, COVID-19-бен қарсы іс-қимылда төсек-орын қуатын күшейту үшін 500 орынды жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы дайындалды», - деп жазды Бақытжан Сағынтаев.