COVID-19 жұқтырған 16 науқас аса ауыр халде жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

Фото: ашық дереккөзден

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 3 410 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 37 бала бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Стационарларда 1 809 науқас жатыр. 1 601 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 92 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 16 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - деп жазылған ақпаратта.