Қазақстан өлім жазасын жою туралы халықаралық хаттамаға қосылды
Бүгін Алматы қаласына жұмыс сапарымен барған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның өлім жазасын жою туралы халықаралық хаттамаға қосылуына қатысты пікір білдірді.
«Жуырда ғана Қазақстанда өлім жазасынан бас тартуды қарастыратын екінші факультативті хаттамаға қосылу жөнінде шешім қабылданды. Кезінде Тұңғыш Президентіміз тарапынан өлім жазасына жарияланған мораторий күшінде болғандықтан, бұл шешім Конституцияға толық сай келеді және Ата заңға ешқандай өзгеріс енгізу қажет емес. Шын мәнінде, елімізде өлім жазасы жоқ. Тек Конституцияда қарастырылған екі ғана болмашы ерекшелік бар. Олар факультативті хаттаманың талабына толық сай келеді», - деді Президент.
Еске сала кетейік, 24 қыркүйекті ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның өлім жазасын жою туралы халықаралық хаттамаға қосылғанын хабарлады.