Димаш Құдайберген саундтрегін орындаған Джеки Чанның жаңа фильмі жақында жарыққа шығады

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында жазды 

Димаш Құдайберген саундтрегін орындаған Джеки Чанның «Авангард» фильмі жақында жарыққа шығады , деп хабарлайды «Azattyq Rýhy».

Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында жазды.

«Таяу күндері мен басты әнін орындаған Джеки Чанның «Авангард» фильмі жарыққа шығады. 30 қыркүйектен бастап кинотеатрлардан көріңіздер», - деп жазды Д. Құдайберген.