Жапонияда қарттардың саны бойынша жаңа рекорд тіркелді

Автор: Azattyq Rýhy

Мұнда 65 жастан асқандар саны 36,1 миллионға жетті

Фото: ашық дереккөзден

Жапонияда 65 жастан асқан 36,1 миллион адам бар. Бұл жалпы халық санының 28,7 пайызын құрайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиға сілтеме жасап.

Бұл мәліметтерді Жапонияның денсаулық сақтау министрлігі жариялады. 

Қарттардың саны бойынша бұл көрсеткіш мемлекет тарихында және әлемде бірінші орында тұр. Екінші орында Италия (23,3 %), үшінші орында Португалия (22,8 %) тұр.