Дүйсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жел соғып, найзағай ойнайды
21 қыркүйек күні Қазақстанның басым бөлігінде қатты жел соғып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Ақмола облысының басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с-қа жетеді.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысында да жел күшейеді, жылдамдығы секундына 23-28 метрге жетеді.
Қарағанды облысында күн күркіреп, жаңбыр мен бұршақ жауады.
Атырау, Павлодар, күндіз Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, Павлодар облысында 23 м/с-ке жетеді.
Қызылорда облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетіп, шаңды дауыл соғады. Түркістан облысында да шаңды дауыл болады.
Батыс Қазақстан облысында түнде найзағай ойнайды.
Жамбыл облысында тұман түсіп, күн күркірейді, жел күшейеді.
Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облысында жоғары өрт шығу қаупі сақталады.
Нұр-Сұлтан қаласында жауын-шашын болады. Ал Алматыда күн ашық, түнде +9..+11, күндіз +24..+26 градус жылы болады. Шымкентте 21 қыркүйекте жауын-шашын болмайды. Түнде +10..+12 градус, күндіз +25..+27 жылы болады.