Қазақстанның 11 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Сонымен қатар синоптиктер Нұр-Сұлтан қаласында да ескерту жариялады

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның 11 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

21 қыркүйекте Атырау облысында кей жерлерінде солтүстік-батыстан күші 15-20 м/с болатын жел соғады.

Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл және оңтүстік-батыстан соғатын күші 15-20 м/с тең жел күтіледі.

21 қыркүйекте Ақмола облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Түнде соғатын желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с екпінді жел сақталады.

Ақтөбе облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады. Кей жерлерде 15-20 м/с екпінді жел күтіледі.

Павлодар облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан 15-20 м/с екпінді жел соғады, ұйытқуы 23 м/с болады деп күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Кей жерлерде оңтүстік-батыстан жел соғады. Күші – 15-20 м/с.

Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Онтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Кей жерлерінде күші 15-20 м/с, ұйытқуы 23-28 м/с болатын жел күтіледі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Облыстың басым бөлігінде соғатын желдің ұйытқуы 15-20 м/с болады деп күтіледі. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

Нұр-Сұлтан қаласында 21 қыркүйекте оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Ұйытқуы 15-20 м/с сақталады.

Қостанай облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Күші – 15-20 м/с, ұйытқуы 23 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с болуы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады. Күндіз екпіні – 23-28 м/с.