Ресей 21 қыркүйекте Қазақстанмен әуе қатынасын қайта бастайды

Автор: Azattyq Rýhy

Бастапқы кезеңде рейстер аптасына бір рет жүзеге асырылады

Ресей келесі аптада тағы төрт елмен: Қазақстан, Қырғызстан және Белоруссиямен 21 қыркүйектен бастап, Оңтүстік Кореямен 27 қыркүйектен бастап әуе қатынасын қайта бастайды. Бұл туралы Ресей федерациясына жаңа коронавирустық инфекция таралуының алдын алу жөніндегі жедел штаб мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

«Отырыс қорытындысы бойынша 21 қыркүйектен бастап Қазақстанмен (Нұр-сұлтан қ.), Қырғызстанмен (Бішкек қ.) және Беларусьпен (Минск қ.) халықаралық әуе қатынасын қайта бастау туралы шешім қабылданды», — делінген хабарламада. 

Бастапқы кезеңде осы елдердің астаналарына рейстер аптасына бір рет жүзеге асырылады.