Алдағы демалыс күндері ауа райы жылы болады

Автор: Azattyq Rýhy

19-21 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Көрнекі фото: astana.gov.kz

«Қазгидромет» алдағы үш күнде Қазақстан аумағының басым бөлігіндегі ауа райына антициклон әсер етіп, соның нәтижесінде, жауын-шашын біртіндеп тоқтап, ауа температурасы көтеріледі деген болжам жасады.

Сондай-ақ Қазақстанның батыс аумағына Мәскеу аудандарынан келген циклон ықпал етіп, кей жерлерде нөсер жаңбыр, найзағай, екпінді жел, дауыл тұрып, бұршақ түсуі мүмкін екенін хабарлады.