Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады
17 қыркүйек күні Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жаууы ықтимал. Тек республиканың батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының жел 15-20, кей жерлерінде 23-28 м/с күшейді.
Павлодар облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, күндіз бұршақ жаууы ықтимал, жел түнде кей жерлерінде, күндіз 15-20 м/с, кей жерлерінде 25 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл, жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Маңғыстау, күндіз Алматы облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл, Алматы облысында дауыл күтіледі.
Ақтөбе, күндіз Атырау облыстарында, Батыс Қазақстан облысының шығыста жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді, шаңды дауылмен.
Қызылорда облысының жел түнде кей жерлерінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, кей жерлерінде дауыл, шаңды дауыл күтіледі.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20, кей жерлерінде 23 м/с күшейеді.
Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с, оңтістік-батыста 30 м/с және одан аса күтіледі.
Қызылорда облысында, Атырау, Жамбыл, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде, Түркістан, Алматы облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының шығыста төтенше өрт қауіпі сақталады.