Ол 83 мың теңге айыппұл төлейді
Ақтаудың санитар дәрігерлері қала мейрамханаларының бірінде өткен той ұйымдастырушыларын жауапқа тартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Әлеуметтік желіде Маңғыстау облысы шенеуніктерінің бірінің тойында түсірілген видео кең тарап кеткен еді.
«Маңғыстау облысы әкімдігінің Энергетика басқармасының қызметкері карантин кезінде той жасаған. Оған 30 АЕК, яғни, 83 мың теңге айыппұл салынды. Облыстық әкімдік пен Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне хат жіберілді», - деді Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.
Сонымен қатар той өткен мейрамхана иесіне 230 АЕК (638 940 теңге) айыппұл салынды.