Нұр-Сұлтанда карантин кезінде жұмыс істеген түнгі клуб анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Рейд кезінде онда 150-ге жуық адам болған

Фото: видеокадр

Елордалық полицейлер карантин кезінде жұмыс істеген түнгі клубты анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Рейд барысында полицейлер түнгі сағат 02.28-де CABERA түнгі клубын анықтады. Клуб әкімшілігі түнгі клубтардың қызметіне 23.00-ден кейін тыйым салынғанын біліп, клиенттерді бас жол арқылы кіргізуін жалғастырған. Тәртіп сақшылары клубқа барған кезде онда 150-ге жуық адам болған», - делінген хабарламада.

Қызметкерлер спирттік ішімдіктерді ұсынған, сондай-ақ сұрағандарға қорқор әкелген.