15 қыркүйек күнгі ауа райы болжамы

Автор: Azattyq Rýhy

Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

Фото: ашық дереккөзден

15 қыркүйек күні Қазақстанның басым бөлігінде найзағай, жаңбыр күтіледі. Республиканың кей жерлерінде қатты жел, дауыл, бұршақ болжанады. Еліміздің солтүстік-батысында және қиыр солтүстігінде тұман күтіледі. Қазақстанның оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, дауыл, бұршақ күтіледі, желдің екпіні күндіз 25 м/с күшейеді.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында таңертең және күндіз кей жерлерде дауыл тұрып, желдің күші 25 м/с дейін артуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қарағанды облысының кей жерлерінде дауыл, бұршақ, күші күндіз 23 м/с дейін жететін жел болжанады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде дауыл тұрып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысында күндіз жел 15-20, кей жерлерде 23 м/с күшейеді, кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі.

Күндіз Алматы, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Павлодар облысының батысында жел 15-20 м/с артады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында таңертең және күндіз дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Қарағанды, Түркістан облыстарының кей жерлерінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.