Қуат Хамитов зорлық-зомбылыққа шақырған видеосы үшін полицияға жеткізілді

Автор: Azattyq Rýhy

Ол видеода халықты билік өкілдерінің талабына мойынсынбауға шақырған

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстандық файтер Қуат Хамитов видеосы үшін полицияға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында азамат Қ.Хамитовтың зорлық-зомбылыққа шақырған видеосы анықталды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қ.Хамитов Алматы қаласының полиция департаментіне жеткізілді», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Instagram желісіндегі парақшалардың бірінде Қуат Хамитовтың халықты билік өкілдерінің талабына мойынсынбауға шақырған видеосы кең тараған еді.