$280 млн: Сот Канелоның DAZN-ға қарсы арызын қабылдамады

Автор: Azattyq Rýhy

Екі аптаның ішінде Альварес бұл шешімге қарсы шығуы мүмкін

Фото: ашық дереккөзден

Лос-Анджелестің федералды соты мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварестің DAZN стримингтік қызметіне, Golden Boy мен Оскар Де Ла Хойяға қарсы жеке шағым түсірген 280 миллион долларлық шағымын қанағаттандырмады, деп жазды Курсив.

Орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль Альварес сотқа жүгінгенде айыпталушылардың азаматтығын қате көрсетіп, нәтижесінде ол қабылданбай қалды.

Алайда мексикалықтың қателіктерді түзетуге екі аптадан астам уақыты бар. Бірақ 28 қыркүйекке дейін Альварестің мәлімдемесіне өзгеріс енгізілмесе, сотта жеңілді деп саналады.

Естеріңізге сала кетейік, Альварес DAZN-ге, Golden Boy промоутерлік компаниясына және Оскар Де Ла Хойяға 280 миллион доллар көлемінде өтемақы төлеуді талап етіп, сотқа жүгінді. Боксшы оларды биылдыққа бірде-бір жекпе-жек өткізбегені үшін жауапты деп санайды.

Канело DAZN өзінің қарсыластарын әдейі мақұлдамайды, салдарынан спортшы келісімшартта көрсетілген ақшаны алмаған деп мәлімдеді.