Австрияда коронавирустың екінші толқыны басталды

Автор: Azattyq Rýhy

Кацлер соңғы аптада COVID-19 жұқтырғандар саны күрт артқанын мәлімдеді

Фото: ашық дереккөзден

Австрияның федералды канцлері мемлекетте коронавирустың екінші толқыны басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Life сайтына сілтеме жасап.

«Коронавирус жұқтырғандар саны күн сайын артып жатыр. Екі апта бұрын күніне 350 адамнан коронавирус анықталса, кеше бір күнде 850 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды», - деді канцлер. 

Оның айтуынша, соңғы күндері анықталған науқастардың жартысына жуығы Вена тұрғындары. Курц жақында күніне мыңнан астам адамнан вирус анықталатынын болжады және ертеңнен бастап эпидемиологиялық ережелер қатаңдатылатырын айтты.