14 қыркүйек күнгі ауа райы болжамы

Автор: Azattyq Rýhy

Дүйсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде күн жылы болады

Фото: ашық дереккөзден

14 қыркүйек күні Қазақстанның басым бөлігінде күн жылы болады. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз найзағай ойнап, желдің күші 15-20 м/с артады.

Қызылорда облысының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай, Солтүстіқ Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман болжанады.

Қарағанды, Түркістан облыстарының кей жерлерінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.