Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 29 миллионға жуықтап қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Коронавирустан қайтыс болғандар саны 925 мыңға жетті

Фото: ашық дереккөзден

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 29 миллионға жуықтап қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі korrespondent.net-ке сілтеме жасап.

Коронавирустан қайтыс болғандар саны 925 мыңға жетті. Сонымен қатар 20,8 миллионнан астам адам коронавирустан жазылып шықты.

«АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар 6,6 миллионға жетті. Үндістанда 4,7 млн жағдай тіркелді. Бразилияда 4,3 млн жағдай расталды», - деп жазылған ақпаратта.