Бір тәулікте 346 адамнан COVID-19 белгілері бар пневмония анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Мұндай пневмония диагнозы қойылғандар саны 30 мыңға жуықтап қалды

Фото: ашық дереккөзден

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 346 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі coronavirus 2020.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 346 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 36 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 29 581, 321 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 6 823 жетті», - деп жазылған ақпаратта.