COVID-19: 22 науқас аса ауыр халде жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

27 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

Фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрлігі 13 қыркүйекке арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат таратты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясын жұқтырған 4 521 адам ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 35 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 352 науқас жатыр. 2 169 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 129 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 22 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 27 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - делінген ведомствоның хабарламасында.