13 қыркүйек күнгі ауа райы болжамы

Автор: Azattyq Rýhy

Жексенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

Фото: ашық дереккөзден

13 қыркүйек күні Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында және оңтүстігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Елдің қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Алматы, күндіз Қызылорда, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Ақтөбе, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде найзағай болжанады.

Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман болады. Түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 1-3 градус үсік күтіледі.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Қарағанды, Түркістан облыстарының кей жерлерінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.