Әкім елдімекендерді абаттандыру жұмыстары туралы айтты
Елорда «Нұр-Сұлтан - тұрғындарға жайлы қала» жоспарының тұжырымдамасы аясында дамып жатыр. Елдімекендерге ерекше назар аударылуда. Өйткені, онда бірінші кезекте үйлерге су жүргізу, орталық жылыту, кәріз, жарық, жолсыз және т.б. мәселелерді шешу қажет. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Кеше кешкілік аралау барысында Нұр Бесік (Көктал-1 елді-мекені) шағын ауданына бардым. Бұрын кездесуде тұрғындар толғандыратын мәселелерді айтып, олардың басым бөлігі шешімін тапқан болатын. Қазір су құбырын салып жатырмыз, жыл соңына дейін осы аудан тұрғындарының үйлеріне ауыз су жүргіземіз, сонымен қатар Нұр Бесікке кіру және шығу барлық жағынан жүзеге асырылатындай етіп жол саламыз. Бұл сонымен қатар аялдаманы тікелей шағын ауданға жақын орнатуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, орамішілік көшелерді асфальттаймыз. Жарықтандыру орнатылды, балалар үшін үлкен алаң салынды, аймақты көгалдандырумен айналысамыз», - деп жазды Көлгінов.
Оның айтуынша, бұдан басқа, кварталішілік газбен жабдықтау желілерін салу бойынша жұмыстар жалғасуда. Көктал-1 елдмекенінде 80% тарату желілері салынды. Тұрғындармен кездесу барысында шағын ауданның одан әрі дамуы талқыланды.