Нұр-Сұлтанда карантиндік шектеулер жеңілдетілді

Автор: Azattyq Rýhy

Енді қаладағы қоғамдық тамақтану орындары сағат 24.00-ге дейін жұмыс істейді

Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан қаласында карантиндік шектеу шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету бойынша елорданың Бас санитарлық дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. Атап айтқанда, 11 қыркүйектен бастап:

Атап айтқанда, 11 қыркүйектен бастап:

- қаладағы бизнес-орталықтар (нотариус, адвокат бухгалтер және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік агенттіктері, жарнама агенттіктер, сот орындаушылар, туроператорлар және т.б.) санитарлық-профилактикалық шараларды қатаң сақтай отырып, жұмыс және демалыс күндері сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді;

- театрлық қойылымдарды өткізуге тыйым салу пункті «аттракциондары бар бассейндердің жұмысына тыйым салу» сөздерімен толықтырылды. Осы ретте, аттракциондары бар бассейндерінің жұмысына тыйым салына отырып, «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығындағы «SkyBeachClub» жағажай клубының қызметіне рұқсат берілді. Демалушылардың саны сыйымдылығынан 50% аспауы тиіс;

- қоғамдық тамақтану орындары (мейрамханадар, дәмханалар, барлар, асханалар) жұмыс және демалыс күндері сағат 09.00-ден 24.00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Қойылатын талап: отыратын орындар саны нысан ішінде – 30-дан, жазғы алаңда 30-дан аспауы қажет. Үстелдер арасындағы 2 метр қашықтық сақталуы тиіс. Бір үстел басында 4-6 адамнан отырғызуға болады.

Бұл ретте, тұрғын үй ғимараттарында орналасқан қоғамдық тамақтану орындары жұмыс және демалыс күндері сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін ғана істейтін болады.