Facebook студенттерге арналған платформа жасамақ

Автор: Azattyq Rýhy

Платформа қашықтан оқитын студенттерге арналады

Фото: ашық дереккөзден

Facebook компаниясының өкілдері колледж бен университет студенттеріне арналған Facebook Campus платформасы іске қосылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Платформада студенттер бір-бірімен араласып, топтарға біріге алады. Сонымен қатар алдағы студенттік іс-шаралар туралы ақпарат алып, оқу орнының әкімшілігінен жаңалықтар ала алады.

«Күзде оқу орындарының көбі қашықтан оқытады. Бұл платформа дәл осындай кезде өте пайдалы болады деп ойлаймыз», - деді Facebook Campus менеджері Чармейн Хунг.