Бұл облыстарда қатты жел соғады
Ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
12-13 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде -1-3 градус үсік күтіледі.
Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.
12 қыркүйекте таңертең және күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с артады.
Қарағанды облысының кей жерлерінде -1-3 градус үсік сақталады. Найзағай ойнап, шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күшейеді.
12 қыркүйекте Жамбыл облысында тауда найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.