12 қыркүйек күнгі ауа райы болжамы

Автор: Azattyq Rýhy

Сенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болмайды

Фото: ашық дереккөзден

12 қыркүйек күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің батысында және оңтүстігінде кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Қарағанды облысының кей жерлерінде 1-3 градус үсік жүреді.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Түркістан облысының кей жерлерінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Алматы, Жамбыл облыстарының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.