Жекпе-жек 24 қазанда Абу-Дабиде өткізіледі
Қазақстандық аралас жекпе-жектің (ММА) балуаны Шавкат Рахмонов (12-0) UFC-дегі дебюттік жекпе-жегін 24 қазанда Абу-Дабиде (БАӘ) өткізеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Оның қарсыласы бразилиялық Элизеу Залески (22-7) болады.
Рахмонов UFC-де жазда дебют жасауы керек еді, турнир Абу-Дабиде де өтті, бірақ қазақстандық жарақат алды, нәтижесінде оның орнына ресейлік Рамазан Эмеевке қарсы жекпе-жекке төрешілік шешіммен жеңілген неміс Николас Штольце шықты.
Турнирдің басты жекпе-жегінде жеңіл дивизиондағы промоушеннің қазіргі чемпионы ресейлік Хабиб Нұрмагомедов американдық Джастин Гэтжимен кездеседі.